Қалалық қоғамдық-саяси газет

Асхат Аймағамбетов Аяз атаның соңынан жүгірген оқушыны құттықтады

0 433

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында көшеде Аяз атаның соңынан жүгірген оқушыны арнайы құттықтап, хат жолдады,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алтай қаласының көшелерімен Аяз атаның соңынан жүгірген Шығыс Қазақстан облысының оқушысын құттықтады. Әлеуметтік желіде тараған видеоның кейіпкері Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласындағы №6 орта мектептің үшінші сынып оқушысы Дмитрий Головен болып шықты.

Асхат Аймағамбетов мектеп оқушысына хат жолдады. Онда ол Дмитрийдің жыл бойы мұқият оқып, тек төрт пен бес деген баға алғанын атап өтті. Үшінші сынып оқушысының Аяз атамен кездесуі өтті. Министр оқушыға әрдайым батыл болып, ата-аналар мен мұғалімдерді қуантуды, сондай-ақ қойылған мақсаттарға жетуді тіледі. Алдағы Жаңа жылдың құрметіне орай Асхат Аймағамбетов мектеп оқушысына кітап сыйлады және алдағы демалыс кезінде мүмкіндігінше көп кітап оқуға кеңес берді», – деп жазылған ШҚО Білім басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ бала министрдің атынан басқа да сыйлықтар алды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.