Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаржылық есептің жариялылығы Заңмен бақыланады

0 141

Кез келген кәсіпорын жария мүдделі ұйым емес. Жария мүдделі ұйымдар –қызметі қоғам тарапынан ерекше назар аударуды талап ететін компаниялар,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңның 1-бабы 7-тармағына сәйкес, жария мүдделi ұйымдар (ЖМҰ) – қаржы ұйымдары (қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), акционерлiк қоғамдар (коммерциялық еместерiн қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндiретiн ұйымдардан басқа), астық қабылдау кәсіпорындары және жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдар, шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорындар. Яғни, қызметі республиканың қаржы жүйесіне және экономикаға әсер ететіндіктен, қоғам тарапынан қызығушылық тудыратын ұйымдар.

Аталған тізімдемеге сәйкес, жария мүдделі ұйымдардың қатарына жататын ұйымдар мемлекетіміздің қаржы жүйесінің дамуына тікелей әсер етеді деп қорытындылауға болады.

Қаржылық есептілік депозитарийін құру — қолданушыларға жария мүдделі ұйымдардың қаржылық және басқа да мәліметтерін алуға, олардың қаржылық жағдайының өзгеріс динамикасын  көруге мүмкіндік беретін бір мәліметтер базасына қаржылық есептілікті жинақтау қажеттілігінен туындады.

Депозитарий – жылдық қаржылық есептілік және ұйымдар жыл сайын беріп отыратын аудиторлық есептер, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімі, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылатын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы.

Мұндай мәліметтерге қолжетімділік бүкіл еліміздің экономикасының  айқындығы мен транспаренттілігіне  ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы «Қаржылық есептілікті депозитарийгеберу қағидаларын бекіту туралы» №1173 қаулысы талаптарына сәйкес, Ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей уәкілетті орган депозитарий жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға айқындаған ұйымға (бұдан әрі — Уәкілетті ұйым) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген, уәкілетті орган бекіткен тізбе мен нысандарға сәйкес жасалған, жылдық қаржылық есептілікті береді. Қайтадан құрылған ұйымдар ол тіркелген сәттен бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезең үшін жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

Еншілес ұйымдары бар ұйымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған қосымша жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті береді.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес аудит міндетті болып табылатын ұйымдар осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен Уәкілетті ұйымға «PDF (Portable Document Format)» электрондық форматында аудиторлық есепті де (қол қойылған және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесін) береді. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар аудиторлық есепті шоғырландырылған есептілік бойынша ұсынады.

Жоғарыда аталған талаптарды сақтамау, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің» 239 және 250 бабымен қаралған әкімшілік құқық бұзушылыққа әкеп соқтырады.

Атап айтар болсақ, Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2020 жылы 12 жария мүдделі ұйымдарға  қатысты жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті Депозитариге ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбау салдарынан, әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп танылып  жалпы сомасы  4 465,6 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзушылықтарына жол бермеу мақсатында барлық жария мүдделі ұйымдардың басшылары жұмыскерлерінің заң және қаржылық білімдерін арттыруға, қаржылық есептілікке уақтылы аудит жүргізуге және оның басқару органымен уақтылы бекітілуіне көңіл бөлуі тиіс.

К. Аманжолова,

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаржылық есептілік аудиті бөлімінің басшысы,

А.Алишева, Ш. Ешмагамбетова,

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаржылық есептілік аудиті бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторлары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.