Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаржы пирамидасына алданып қалған Шымкент тұрғыны өзіне қол жұмсады

0 814

Шымкентте қаржы пирамидасына алданған ер адам өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz «ақпарат агенттігі Stan.kz   сайтына сілтеме жасап.

Алаяқтар автосалон сатушысы ретінде тұтынушыларды арзан көлік алып береміз деп алдаған. Бірақ ақшаны алып, тайып тұрған көрінеді. 150-ден астам адам миллиондаған қаржысынан айрылып, сан соғып қалды. Тіпті біреу өз-өзіне қол жұмсаған көрінеді.

Жәбірленушілердің айтуынша, алаяқтарға алданған Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғыны өз-өзіне қол салған. Ақшасын да, көлікті де күте алмаған көрінеді.   

Бұл туралы аталмыш компанияға шағымданушылардың бірі Ильин Демьян баяндады. Оның айтуынша, қаза тапқан ер адам төмен бағада көлік сатып алып, қайта сату үшін аталған компанияға 200 миллионнан астам қаржы салған. Кәсіп қылам деп, өмірінен айрылған жігіт қомақты ақшаны жақындарынан, банктерден жинап алған көрінеді. Оған уәде етілген көліктерді компания 1 жарым жыл бойы «әне береміз, міне береміз» деп созбақтаған. Ақыр соңы алданғанын түсінген азамат өз-өзіне қол салған.

“Біз оның анасымен байланысқа шықтық. Оның да қолында келісімшарт болған. Компания басшысы ешнәрсе істей алмайсың деп, оны да шығарып салған. Ақыр соңы жігіт өз-өзіне қол жұмсады”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Демьян Ильин.

Демьянның айтуынша, аталмыш компания автокөліктерді нарықтағы бағадан 1,5-3 млнға төмен көрсеткен. Бастапқыда олар сенімге кіру үшін тапсырыс берушілерге 10-нан астам автокөлікті уақытылы, уәде етілген бағада жеткізіпті. Сондықтан Демьянда да күдік болмаған. Кейін ғана бір шикіліктің барын түсініп, өзі секілді өзге жәбірленушілерді іздестірген. Оның айтуынша, алданғандар әсіресе Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында көп.

“Қолыма келісімшарт құжаттарын берді. 45 жұмыс күннің ішінде мен өзіме уәде етілген 2017 жылғы тайота камри колигин алатынымды айтты. Айтқан уақыт өткеннен кейін мен сезіктене бастадым”, – дейді ол.

Компания Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жұмыс істеген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталмыш қылмысқа қатысты екі күдікті қамауға алынған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.