Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады? Қазақстандық мамандар алаяқтарды әшкерелеудің жолын айтты

0 345

Қазақстанда бір жыл ішінде 16 қаржы пирамидасы жойылды. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінде хабарлады. Осы ұйымдардың жұмысы барысында азаматтар 16 млрд теңгеге жуық соманы салып үлгерді. Білім деңгейіне қарамастан, адамдар қаржы пирамидасының құрбанына айналып жатады, алаяқтар әртүрлі схемалар бойынша жұмыс істеуді үйренген. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылдың өзінде мемлекеттік органдар қаржы пирамидаларының қызметінен зардап шеккен 19 мың адамды тіркеді. Зиян көргендердің көбі жоғары білімі бар адамдар, дипломы бар әйелдер жиі кезігеді. Алаяқтар әр түрлі аудиторияға жұмыс істейді: табысы аз азаматтарға мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде одан әрі пайда табу үшін ақша салу ұсынылады. Орташа кірісі бар және одан жоғары адамдар үшін – желілік маркетинг немесе инвестициялық қорлар арқылы дивидендтер алу. Қаржы мониторингі агенттігінің алаяқтарды әшкерелеудің өзіндік жолдары бар.

“Біз қаржы пирамидаларын тезірек анықтау үшін банктердің мүмкіндіктерін пайдаланамыз. Осы мақсатта біз олар үшін метеодологияны әзірледік және күдікті транзакциялар анықталған кезде хабарлауды тапсырдық. Бүгінгі таңда банктерден үш мыңға жуық хабарлама алынды. Екіншіден, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпараттық жүйелерін пайдаланамыз, олардың көмегімен әлеуметтік желілерге қаржы пирамидаларына тән негізгі тіркестер бойынша мониторинг жүргіземіз”, – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігі талдау әзірлемелері басқармасының басшысы Руслан Остроумов.

Ресми деректер бойынша, Қазақстан халқының шығыны 16 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте салымдар әртүрлі болуы мүмкін-мың теңгеден бірнеше миллионға дейін. Азаматтардың көпшілігі қаржы пирамидалары туралы естіген, сондықтан олар әртүрлі компаниялардың үстеме кірістер жөніндегі ұсыныстарына күмәнмен қарайды. Соған қарамастан, жылдам пайда тапқысы келетіндер әрқашан бар.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ақша салмас бұрын, бірінші кезекте лицензияның болуына назар аударуға кеңес береді: осы мемлекеттік органның сайтында лицензиясы жоқ және қаржы пирамидасы ретінде жұмыс істейтін компаниялардың тізімін табуға болады.

Сондай-ақ, компанияның сипаттамасындағы «халықаралық» сөзінен сақ болу қажет. Өйткені олар үшін ақшаны шетелге шығарып, салымшыларды алдап кету оңай. Ал ең маңызды кеңес – қырағы болу керек: ддепозиттік және брокерлік мөлшерлемелерден жоғары табыстылық әрқашан тәуекелді білдіреді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.