Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаржы мониторингі субъектілері үшін

0 387

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі  «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 3-бабына сәйкес қаржы мониторингі субъектілеріне (бұдан әрі-ҚМС) мыналар жататынын хабарлайды:

  • заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар (КЖ / ТҚҚ туралы Заңмен белгіленген жағдайларда);
  • бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер;
  • лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
  • бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
  • жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жатады.

Жоғарыда көрсетілген ҚМС (бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерді қоспағанда) уәкілетті органға «Қаржы» санатындағы Е-license порталы (сілтеме – https://elicense.kz/ ) арқылы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

Сондай-ақ ҚМС үшін КЖ / ТҚҚ саласындағы заңнама талаптары бар, ақпаратпен танысу үшін қаржы мониторингі субъектілері «ҚМС кабинетінде»тіркеуден өтуі қажет (сілтеме – https://www.web-sfm.kfm.kz/, кабинетті пайдалануды басқару – https://afmrk.gov.kz/assets/files/departament/290-py70k2.pdf).

КЖ/ТҚҚ туралы Заңның талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілік ҚР ӘҚБтК-нің 463 және 214-баптарында көзделген.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-97-52.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.