Қалалық қоғамдық-саяси газет

«қарыз бен несие жиналып қалды»: Шымкенттік полицейлер Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады

0 107

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан және генерал-майор Ерлан Тұрғымбаевтан әлеуметтік желі арқылы көмек сұрады. Олар өз үндеуінде төмен жалақы және тұрғын төлемі мәселесіне шағымданды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, олардың көпшілігі кейін сатып алу құқығы бар үйлерді жалға алу үшін келісім шарт жасасқан. Құжаттарын Полиция департаменті тұрғын үй инспекциясына өткізсе де, төлемді әлі күнге дейін ала алмаған. Тұрғын үй комиссиясы қызметкерлердің үйлері бар екенін айтып төлем беруден бас тартқан.

«Біз, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері, елдегі жағдайға қарамастан қылмыспен күрес барысында алдыңғы шепте тұрамыз. Бұған қарамастан өзге мемлекеттік органдармен салыстырғанда аз жалақы аламыз. ҚР Ішкі істер министрлігіген өзімізге тиесіліні ала алмай отырмыз. Көпшілігі түрлі бағдарламамен үй алған, алайда ол жалға алынған тұрғын үйлер. Осы себепті заңды төлемді алу құқығынан айырылып отырмыз», – делінген үндеуде.

Құқық құрғау органының қызметкерлері мұндай шешіммен келіспей отыр. Көпшілігі ай сайын жалға алынған үйді төлей алмайды екен. Ал айлық қарызды жабуға жетпейді дейді. Олар өздеріне тиесілі тұрғын үй төлемін беруді талап етуде.

«Біз патрульдейміз, кезекшілік етеміз, ал мейрам күндері бұл күшейтіле түседі. Қажетті деңгейде қамтамасыз етілмейміз. Ешқандай жеңілдік жоқ, жалға алынған үйді уақытылы төлей алмағандықтан қарыз бен несие де жиналып қалды», – деп жазды полицейлер.

Ал Ішкі істер министрлігінде сатып алу құқығы бар жалға берілетін үйлердің кезек арқылы берілгенін мәлімдеді. Үй алғандар автоматты түрде кезектен алынып тасталған.

“Тұрғын үй төлемі белгіленуі үшін «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес ішкі істер органы қызметкері мен отбасы мүшелері мұқтаж екені  мойындалуы қажет.

Қызметкерлер жалға берілетін үйді Үкіметтің 31.12.2016 жылғы №922 қаулысына сәйкес алған. Сатып алуға болатын үй тіркеуде тұрғандар арасында кезекпен берілген. Ал кезекте тұрған қызметкер үй сатып алғанда немесе жалға үй алғанда автоматты түрде кезектен шығарылады», – деп түсіндірді министрліктегілер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.