Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарымды қаламгерге құрмет

0 545

   Қарымды қаламгер, Қазақстанның құрметті журналисі, облыстық «Ғұмыр-Дария» газетінің Директор-бас редакторы Жаңабай Миллионовтың 70 жасқа толуына орай Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалы мен Тараз өңірлік университетінің ұйымдастыруымен тағылымға толы шара өтті. КештіЖурналистер одағы облыстық филиалының төрағасы, «Jambyl-Taraz» газетінің Директор-бас редакторы Дәулет Төлендіұлы ашып, жүргізіп отырды.

Шымылдығы қаламгердің өнегелі өмір жолы туралы бейнебаянмен түрілген шарада этнограф, құсбегі, республикалық «Ұлы шаңырақ» газетінің Директор-бас редакторы  Жапар Сатылғанов, танымал қаламгерлер Болат Жапаров, Үміт Битенова, Тараз өңірлік университетінің оқытушылары Темірбай Мұқашев және Бақытжан Махашев  сөз алып, ақжарма лебіздерін білдірді. Сондай-ақ мерейтой иесінің «Даналық мектебі» атты кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. Оқу ордасының студенттері де көкейдегі сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды. Дулати университетінің өнерпаздары   әнннен шашу шашып, кештің шырайын кіргізді.

Кеш соңында қаламгерге ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпаттар табыс етіліп, құрмет көрсетілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.