Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Артында 2 баласы мен жүкті әйелі қалды»: танымал қазақ блогері қаза тапты

0 681

Танымал қазақстандық блогер Дәулет Бейсенбек жол апатынан қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz.

Блогер Эльмира Төлегенова Instagram-дағы парақшасында қайғылы хабармен бөлісті.

«Ұйықтай алар емеспін. Дәулет қайтыс болыпты деп естідім. Емен-жарқын, көңілді, шығармашылық адамы еді. Артында екі баласы және жүкті әйелі қалды. Оның туыстарына шын жүректен қайғырып, көңіл айтамын» деп жазды Эльмира Төлегенова.

Марқұм Дәулет Бейсенбек танымал отбасылық блогер болатын. Оның Instagram-дағы аудиториясының саны 758 мыңнан асады.

Жол апаты республикалық маңызы бар Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының 282-шақырымында болған.

«Honda Odyssey маркалы автокөліктің жүргізушісі Тараздан Алматыға қарай келе жатып, көлік рөліне ие бола алмай, кюветтен асып аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан аталған көліктің 29 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен басқа екі жолаушы түрлі жарақаттармен Меркі ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Көлік құралын жүргізген адамға «Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу кезінде бір мезгілде абайсызда бір немесе бірнеше адам өліміне әкеліп соқтыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», – делінген Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.