Павлодар облысы Ақсу қаласында қарттар үйі өртенді. Өртті сөндіру үшін 12 адам мен 4 техника жұмыс істеді,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, 23 қыркүйекте сағат 18.39-да Набережная көшесі, 27-үйде орналасқан Ақсу қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
«Екінші корпустың 5-қабатында №14 палатада 2 метр матрац бықсып, түтіндеген. Өрт сөндірушілер 60 адамды эвакуациялады. Автосаты қолданылды, – деді құтқарушылар.
Өрттен зардап шеккен 1937 жылы туған ер адам Ақсу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.
Өрт 19 сағат 09 минутта сөндірілді. Өрттің шығуына төсекте темекі шеккені себеп болған.