Қалалық қоғамдық-саяси газет

Арон Атабек қайтыс болды

0 357

2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, биыл түрмеден шартты жазамен босап шыққан диссидент ақын Арон Атабаек 24 қараша кешкісін 68 жасында қайтыс болды. Бұл ақпаратты Азаттыққа Арон Атабектің қарындасы Рәзия Нұтышева айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz»  ақпарат агенттігі azattyq.org  сайтына сілтеме жасап .

– Ауруханада жүрегі тоқтап қалды, – деді ол Азаттыққа.

1 қазанда Павлодардың №2 соты Арон Атабекті (Едігеев) сырқатына байланысты жаза мерзімін бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырып, түрмеден босатқан еді. 15 жылын түрмеде өткізген ақын бостандыққан шыққан соң Алматыға оралған.

Бостандыққа шыққаннан соң Арон Атабектің халі нашарлап, Алматыдағы ауруханаға коронавирус диагнозымен жеткізілген еді. Кейін оның өкпесі қабынғаны да хабарланған.

Атабек бір айдан бері ауруханада жатқан еді. 11 қарашада қарындасы Рәзия Нұтышева Азаттыққа Арон Атабектің реанимация бөлімінде комада жатқанын, жағдайы нашар екенін айтқан.

«Қаншама ақуыз құйып жатыр, бірақ сіңбейді. Салмақ қоспай жатыр. Әлі трубка арқылы тамақ ішеді. Тамақ тамыр арқылы құйылады. Әбден өлейін деп қалған кезде [түрмеден] босатып отыр ғой. Коронавирусы азайған дейді, бірақ өкпесін түсіру үшін басқа жаққа ауыстыру керек екен, себебі клиникада ондай құрылғы жоқ. Жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр. Оны алып тастаса, бірден тынысы тарыла бастайды. Қан қысымы төмендеп кетеді» деген еді сол кезде қарындасы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.