Қалалық қоғамдық-саяси газет

Арнайы комиссия Қазақстанның оңтүстігінде электр қуаты неге сөнгенін тексереді

0 416

Қазақстанда оңтүстік өңірлердегі электр қуаты неге сөнгенін тексеретін арнайы комиссия құрылды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Энергетика вице-министрінің басшылығымен оңтүстік өңірдің тұрғындарын электрмен жабдықтауға себеп болған «КЕGOC» АҚ электр желілерінде технологиялық ақау туындауы және оның даму себептері мен шарттарын жан-жақты анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды», – делінген хабарламада.

Тексеріс нәтижелері бойынша алдағы уақытта технологиялық ақауларға жол бермеу, сондай-ақ, Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленетіні айтылды.

25 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында электр қуаты апат жағдайында сөндіріліп, сағат 16.00-де оңтүстік аймақ тұрғындарына жарық қайта берілген еді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.