Қалалық қоғамдық-саяси газет

Арманның жиһаздарына сұраныс көп

0 404

   Жамбыл ауданында орналасқан «Ulara mebel» кәсіпорнында 18 адам жұмыс істейді. Олар арнайы Қытай, Ресей, Түркия елінен әкелінген станоктармен үй ішіне қойылатын есік, шифоньер, ас үй және жатын бөлме жиһаздары мен үлкен үстелдерді арнайы тапсырыспен өңдеп шығарады.

Цех басшысы Арман Минарбековтің айтуынша, олар офистік жиһаздарды да қабылдай береді. Жұмысшыларға тапсырысты қабылдауына байланысты 60-100 мың теңге аралығында, кейде одан да көп ақы төленеді екен.

«Бастысы, мұнда жиһаздардың сапалы шығуына мән береміз», – деген ол құрылғыларды сатып алуға өз қалтасынан қаражат жұмсағанын да жеткізді.

Үздік технологиялық аппараттардан шыққан жиһаздар Тараз қаласының Ташкент көшесі бойында орналасқан «Зат Тараз» дүкенінде сатылымға шығып та үлгерген. Сатып алушылар осы дүкен арқылы тапсырыс бере алады.
Бұл жұмысты өндіріс шебері Қайрат Құрмановпен бірге қолға алған кәсіпкер алдағы күндері өндіріс орнын кеңейту мақсатындағы жоспарларымен де бөлісті.
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.