Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарияның қалтасына түскендер құрықталды

0 149

Тараз қаласы Полиция басқармасына 80 жастағы қала тұрғыны өзінің есепшотынан қаржы ұрланғандығы жайлы арызданған.

Арызданушының айтуынша, ол шілде айында ықшамаудандардың бірінде орналасқан банкке барып, 1.000.000 теңге ақшасын депозитке салмақшы болған. Кезек күту кезінде белгiсiз ер адам оған көмек көрсетемін деп сеніміне кіріп, қарияның есепшотының нөмірін біліп алған. Одан кейін әр кезде түрлі соманы өзiне аударып алып отырған. Осылай арызданушының есепшотынан шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін 7 миллион 365 мың теңге аударылған. Қалалық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Жуалы ауданының 20 жастағы азаматы мен 18 жастағы азаматшасы анықталды. Күдіктілер өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дайындаған Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.