Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қараусыз ғимараттарды паналаған: Шымкентте 15 жаста ана атанған қыз сәбиімен көшеде қалды

0 1  531

Шымкентте 15 жаста ана атанған қыз қолындағы сәбиімен жарты жыл бойы қараусыз қалған ғимараттарды паналап жүрген. Босанғаннан кейін үш аптадан кейін қыз басындағы баспанасынан да, туыстарының қолдауынан да айырылған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашында әкесі отбасын ұятқа қалдырдың деп қызынан теріс айналған. Қазір қыз Шымкенттегі «Көмек» қол ұшын беру орталығында тұрып жатыр.
15 жастағы Гүлмираны өмір ерте есейткен. Бірінші анасы бес қызымен отбасын тастап кеткен. Әкесі балаларын интернатқа өткізіп жібереді.

Бойжеткен болашақ баласының әкесімен сол жерде танысады. Өзінің жүкті болғанын ол үйде отырған уақытта, сабақтың барлығы онлайн кезеңге көшкен кезде білген. Әкесі қызын әулетті ұятты етті деп анасына жібереді, алайда анасының да қызының тәрбиесімен айналысуға асас құлшынысы болмаған. Жасөспірімдердің ата-аналары мәселені бейбіт жолмен шешуге келіседі. Әкесі қызының қалың малын алып алады.

«Ол 2 млн теңге тұратын жерді алған. Жігіттің анасы қызды қабылдайды», – дейді Шымкенттегі орталықтың директоры Малика Жүсіпова.

Гүлмира ұлын №2 қалалық перзентханада дүниеге әкеледі. Дәрігерлер босанған кәмелетке толмаған қыз туралы полиция мен қамқоршылық органдарына хабарлауға тиісті болған. Бірақ орталық қызметкерлерінің айтуынша, олар мұны жасамаған, тіпті баланың тууы туралы анықтамасын да бермеген.

Босанғаннан кейін үш аптадан кейін жас ана сәбиімен бірге көшеде қалады. Жарты жыл бойы оған қамқор адамдар көмектесіп келген. Қандай қиыншылықтар туындамаса да ол ұлын тастамаған. Екі айдан бері бойжеткен «Көмек» орталығында тұрып келеді.

«Бұл жер маған ұнайды, олар бізге ұлымыз екеумізге көмектеседі. Менің бар арманым – лайықты өмір сүру», – дейді 15 жаста ана атанған Гүлмира.

Ресми қамқоршысы болмағандықтан Гүлмира баласы екеуін айырып жібереді деп қатты қорқады. Орталықтың қызметкерлері өз кезектерінде Гүлмираның анасын қызы мен немересін қамқорлығына алуға көндіргісі келеді.

«Қыздың анасына байланысты қиындықтар туындауда, ресми жұмыс орнына орналасу қажет, ал анасының тұрақты жұмысы жоқ. Ол еркін жүріп үйреніп қалған. Сондықтан ананың өнегелі мінез-құлқы қандай болатынын дұрыс білмейміз. Қазіргі уақытта психологиялық- педагогикалық көмек көрсетіліп жатыр», – дейді орталық директоры Малика Жүсіпова.

Сондай-ақ қоғам белсенділері Гүлмира мен оның баласына болашақ баспана алу үшін қыздың әкесінен екі миллион қалың малды қайтарып алуды көздейді.

Қыздың өзі визажист болуды армандайды және колледжге түсу жоспарында бар. Сонымен қатар бауырларын да интернаттан шығарып алғысы келеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.