Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қарасу» тұрғын алқабында жер телімі берілді

0 426

Қала күні мерекесіне орай «Құмшағал»  тұрғын алқабынан 369 га жер телімі тұрғындар игілігіне берілді.  Шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев алқапқа арнайы келіп, алғашқы қазықты өзі қақты.

— Тараз қаласының Бас жоспарына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес «Қарасу»(Құмшағал)  алқабында жеке тұрғын үй қарастырылуына байланысты,  қала шекараларын кеңейту барыында Жамбыл ауданынан қала аумағына өткен шаруа қожалық иелерінің жерлеріне мемлекет мұқтажы үшін қайтып алу жұмыстары жүргізілді.  Аталмыш алқабқа жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекпен берілетін жер учаскесінің жалпы көлемі — 369га,  жер телімінің саны — 1460ге жуық. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Үйлеріңіздің іші жанға, сырты малға толсын. Қала күні баршаңызға құтты болсын!, — деді Ержан Жұматұлы.

Бұл күні жер телімі 2005 жыл мен 2006 жылдың қаңтар-сәуір айларында кезекке тұрған тұрғындарға 8 гектардан берілді.

— Қала әкімі үйімнің қазығын қағып бергеніне қуанышымын. Мен 2005 жылы кезекке тұрғанмын. Бүгінде 4 балам,  7 немерем бар. Құжаттар толық аяқталғаннан кейін үйдің құрылысын бастаймыз. Қала күнімен келген қуанышымда шек жоқ, — дейді алқап тұрғыны Алтынбек Бурханов.

Алдағы уақытта тізім нақтыланып, жер телімі тиесілі азаматтарға кезең-кезеңімен беріледі. Айта кету керек мұнда, су, газ жүйесі, жарық барлығы тартылған.«Үйлер тұрғызылып, халық қоныстанғаннан кейін жол мәселесі де шешіледі» —дейді сала мамандары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.