Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қараша айынан бастап жеңілдетілген автонесие беріледі

0 411

Жеңілдетілген автонесиелерді өтеу аясында енгізілген қаражат жинақталып, қараша айының бірінші жартысында жылдық 4%-бен қайтадан несие түрінде беріледі. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының Х форумы барысында «Индустриялық даму қоры» АҚ төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысатын қазақстандық банктер биыл шілде айында несие алуға өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатқан болатын.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» өкілдері хабарлағандай, жеңілдетілген автонесие беруді қайтадан іске қосу жоспарланып отыр. Болжам бойынша, өтініштерді қабылдау қараша айында басталады. «Айналмалы қорға қаражат түсе бастады. Айналым қаражаты қайтадан бағдарламаға енгізіліп, қаржыландыру қарашаның бірінші жартысында ашылады деп ойлаймын. Қараша айынан бастап жыл сайын 2000 автокөлік беріледі», – деді Ғаппаров.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.