Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарағандылық сиқыршы көп қабатты үйінде түлкі асырап отыр

0 313

Өзін сиқыршымын деп таныстырған қарағандылық азамат Сергей Корогодов үйіне түлкі асырап отыр. Айтуынша, күшік кезінен бастап қолға үйретілген түлкі қазір үй жағдайындағы барлық тәртіпке толықтай бейімделген. Аядай пәтерін хайуанаттар бағына айналдырған сиқыршымен Stan.kz тілшісі әңгімелесті.

Сергей Корогодов қызыл түлкіге Алиса деп ат қойыпты. Ол сиқыршының барлық сөзін түсінеді. Әйтсе де аң саябақтағы бөгде адамдардың  сәл сескенсе де, иесінің көрсеткен қимылдарды бұлжытпай қайталайды. Сергейдің айтуынша, жас түлкіні осыдан бір жыл бұрын бұрын Ресейден әкеліпті. Салмағы 2-3 келіге жуықтайды. Қоректенетін тамағы тауық еті. Күніне 2-3 келіден аз жемейді екен.

“Өте ақылды түлкі. Айтқанымды бірден ұғып алды. Мен бұл түлкіге түрлі жаттығулар үйретемін. Мен оны мыршай кезінен асырап алдым. 180 мың теңгеге сатып алғанмын. Бөтен адамдарды тістегенді ұнатады. Бұларды асырағаныма еш өкінбеймін. Мен бұл шығынды шоу кештерге шығып, ақтап аламын”, –  дейді қарағандылық азамат.

Сергей Корогодовтың мамандығы цирк әртісі  болғандықтан жануарларға деген жанашырлығы мен мейірімділігі  ерекше. Сол себепті де, ол үйінен шағын хайуанаттар бағын жасаған. Мәскеудің циркінде 10 жыл еңбек еткен. Кейін Қарағандыға ата-анасына біржола көшіп келіпті. Сиқыршының айтуынша, жануарларсыз бір минуттай тұра алмайды. Бар уақытын осы жануарларды күтіп баптауға жұмсайды екен. Қазір сиқырға толы шоуларды ұйымдастырып, табыс тауып отыр. Сонымен қатар Сергей үйінде жылан, қолтырауын, қоян, тотықұс, тышқан асырайды екен. Енді сиқыршы алдағы уақытта  аңдардың қатарын көбейтуге ниетті.

“Аңдарды жаным сүйеді. Жасыратыны жоқ, ата-анамның қарсылығына қарамастан, бар күшімді саламын. Аңдардың жейтін тамақтары да әртүрлі. Оларды асырауда барлық жағдайын толық жасаймын. Мысалы, жуынатын заттарын, тұратын орындарын бәрін қалыпты ұстаймын. Күнде осылай далада серуендеп тұрамыз.Тазалық шаралары да қатаң сақталады”, – дейді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.