Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарағандыда жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуылдамақ болған

0 221

12 желтоқсан күні Қарағандыдағы аялдамалардың бірінде белгісіз біреу қоғамдық көлік жүргізушісіне пышақ ала жүгіріп, кондукторды балағаттаған,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Полиция қызметкерлері күдікті қоғамдық көлікте қоқыс шашып, осыған байланысты кондуктордың ескертпесіне балағат сөз айтып, дау шыққанын анықтады.

«Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.