Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінде үш жасар бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Үлкендердің қарауынсыз қалған бала бесінші қабаттағы терезеден құлап кеткен.
Бүлдіршін ауыр жарақат алған, сүйектері сынып, ішкі құрылыстарына зақым келген. Алған жарақаттарынан ол ауруханада көз жұмды.