Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарағандыда енесі күйеу баласының ақшасын ұрлап, пәтер сатып алған

0 262

Қарағандыда енесі күйеу баласының ақшасын ұрлап, пәтер алған. 2 миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған әйел ұсталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап.

25 қаңтар күні Қарағанды полиция басқармасының Михайлов бөлімшесіне 39 жастағы тұрғын шағым түсірді. Ол 1 962 000 теңге көлемінде қаржы ұрланғанын хабарлады.

Зардап шегуші жиған-терген ақшасын 60 жастағы енесіне берген болып шықты. Әйел ақшаның тонаушылардың қолына түскенін айтқан. Істі тергеген полицейлер ұрлыққа әйелдің өзі барғанын анықтады. Ол ақшаға пәтер сатып алған.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүруде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.