Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарағандыда 20 жасар жігіт құрылыс алаңында қайтыс болды

0 884

Қарағандыдағы «Сапфир» ТК құрылыс алаңында 20 жастағы тас қалаушы 9 қабаттан құлап кетіп, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 18 қыркүйек күні кешкі сағат 18:20-да болған.

Жас жігіт «Сапфир» тұрғын үй кешенінде үй салатын құрылыс бригадасының құрамында тас қалаушы болып жұмыс істеген.

Жігіт құрылыс нысанының 9-қабатынан құлап кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұл нысанда қайтыс болған жігіттің ағасы мен әкесі де жұмыс істейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.