Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек facebook әлеуметтік желісінде жазды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бүгін сағат 08.30-да Абай шахтасында көмір мен газ жарылысы орын алды.
Бұл кезде жер астында 64 адам болған. Қазір 52 адам жер бетіне шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастыруда.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті жәрдем көрсетіледі» деп жазды аймақ басшысы.