Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарағанды шахтасында зардап шеккен кенші қайтыс болды

0 346

  Қарағандыда «Шахтинская» шахтасында жарақат алған 46 жастағы кенші көз жұмды, – деп хабарлайды «JambylTaraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы растады. Компания 46 жастағы кеншінің қайтыс болу себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

«Өлім себебі мен сот-медициналық сарапшылардың қорытындысы барлық шаралардан кейін дайын болады. Бұған дейін ол металл бұйымын тиеу кезінде жарақат алғаны айтылды. Оқиғадан кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Оқиға тергеліп жатыр», – деді компания өкілі.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының өкілі компания марқұмды жерлеуге байланысты барлық шығынды өз мойнына алып, марқұмның отбасына психологиялық және материалдық қолдау көрсететінін айтты.

Бұған дейін «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жұмысшы жараланғаны хабарланды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.