Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Анық бақ: кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек»

Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ

0 748

№15 сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат

Дастан Исламбек Дастанұлы

Бұл кім?

Кандидат Дастан Исламбек Дастанұлы 1990 жылы Тараз қаласында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының түлегі. 2010 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің көпсалалы колледжі «Жерге орналастыру» мамандығы, 2013 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бакалавр «Жерге орналастыру» мамандығы, 2017 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Заң ғылымдарының магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған.
2014 жылдан «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті, 2016-2022 жылдар арасында І, ІІ шақырылымдағы Жамбыл облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, 2017 жылдан «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы, 2022 жылдан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңес мүшесі, «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті.

Не істеді?

Жамбыл облысындағы 442 мектептің 375-інде болып, мектептердегі әжетханалардың есіктері мен арақабырғаларын (перегородка) қойдыруға ықпал етті.
Қоғамдағы тұрғындардың түйткілді мәселелеріне назар аударылып, мақалалар жарияланды. Біразының шешімі табылды. Оның ішінде Тараз қаласындағы «қызыл сызықта» орналасқан ғимаратты бұзу бойынша сот шешімінің орындалуына әсер етті. Заң үстемдігін орындау бағытындағы журналистік зерттеулерде қордаланған мәселелер «Orda.kz» пен «Turaninfo.kz» сайттарында жарық көрді.
2019 жылы Жуалы ауданы бойынша табиғи газ 10 жылдан астам уақыт бұрын кіргізілсе де, үйінде газы жоқ біраз елді мекендер, ауылдар анықталды. Аталған ауылдар белгілі болған соң Жуалы ауданы әкімдігінен газы келіп, құбыры есіктің алдына кіріп тұрғанымен, үйінде көгілдір отын жоқ үйлердің мәселесін зерделеу ұсынылды. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда 22 үй анықталды. Аталған тұрғын үйлердің ішінде техникалық талаптарға сай келетін, яғни газды кіргізіп алуға қаражаты бар, толық құжатын рәсімдеп алған үйлер де нақтыланды. Сол мәселе бойынша бүгінгі таңда 22 үйдің барлығына барып, кіріп көріп, үй-үй бойынша аралау жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыс- тар барысында 18 үйге газ кіргізілгеніне көз жеткізілді. Оның 4-іне ғана газ кіргізілмеген. Оларға бүгінгі таңда 4 үйге 95 мың теңге ақша төленді. Ал оның үстіне «Жуалы-Жалын-Газ» ЖШС қосатын бағасының айырмашылығына қарамастан, біздің ұйымнан басқа демеушілер есебінен қажетті қаражатты тауып беру туралы келісім жасалды. Осы жобаның арқасында үйлердің барлығына газ кіргізу мәселесінің біршама шешімі табылды.
«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» атты жоба аясында «Ұлы дала өркениеттері» байқауында тікелей 94 168 бенефициар қамтылып, 1 019 түрлі деңгейде іс-шаралар өткізілді. Ақпараттық қамту бойынша блогерлер арқылы 561 022 қаралым, ал «Ұлы дала өркениеттері» байқау «Инстаграм» желісінде қаралым саны – 150 427, «Facebook» желісінде қаралым саны – 22 832. Барлығы – 734 281.

Не өзгертеді? (2024 жылдың аяғына дейін орындау үшін)

№15 сайлау аумағы бойынша Гамалей көшесін жарықтандыру, №9, 17, 19 аулаларын абаттандыру, Қ.Сәтбаев көшесіне Е.Олжабаев көшесімен бірге орташа жөндеу жүргізу.
Сонымен қатар «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аумақтағы балалар алаңшасын күрделі жөндеуге ұсыным беру.
Депутаттық сауалдарды ашық және жария түрде айту және жеткізу. Бюджетті бекіту және орындалу бойынша қоғам назарын аударту.

www.youtube.com/islambekdastan
www.facebook.com/islambek.dastan
www.instagram.com/islambek.dastan
www.tiktok.com/islambek.dastan

Тапсырыс беруші: №15 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ДАСТАН И.Д.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.