Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жарқ-жұрқ еткен жасындай жан еді»

0 494
«Бір – өңір, бір – кітап» акциясы аясында наурыз айы ақын, қоғам қайраткері Жарылқасын Аманұлының шығармашылығына арналып, «Жарқ-жұрқ еткен жасындай жан еді» поэзиямен сырласу айлығы болып жарияланды.
Аталмыш акцияның алды болып бүгін кітапханамызда елімізге танымал ақын Жарылқасын Аманұлының 85 жыл мерейтойына арналған ««Ақын да мен, сал да мен, сері де мен…» жырдәру кеші өтті.
Іс-шараға елімізге белгілі Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары, жазушы, публицист Елен Әлімжан, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы мен журналистер одағының мүшесі, жазушысы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Баймаханбет Ахмет, М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті филология және журналистика факультетінің аға оқытушысы Бақытжан Мақашев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі Шағырбаев Бақыт, дәстүрлі әнші Тлеубеков Жақсылық, сонымен қатар арнайы іс-шарамызға ақынның жақын туыстары, бауыр інілері, қыздары Гүлмира және Эльмира Амановалар мен шөберелері қатысты.
Қонақтар ақынның өмірі мен еңбектерін кітапхана оқырмандары назарына ұсынып, көп жерде айтыла бермейтін деректі дәйектемелермен таныстырды. Сондай-ақ, Жарылқасын Аманұлының ерекше мінезі, ұстанымдары туралы ойлары, тың туындылары мен өмір жолы жайлы естеліктерімен бөлісіп, жырлары жайында сөз қозғалды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.