Қалалық қоғамдық-саяси газет

Антикордың мас қызметкерін ұстаған полицей Тоқаевқа үндеу жолдады

0 316

Қарағандылық полицей Жанабек Жұмабек Антикор қызметкерін мас күйінде ұстағаннан кейін жұмыстан заңсыз қуылғанын айтып үндеу жариялады деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағанды облысының 29 жастағы полицейі Жанабек Жұмабектің Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жолдаған бейнеүндеуі тарады. Айтуынша, жол апаты орнынан қашып кеткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мас қызметкерін ұстағаннан кейін жұмыстан заңсыз шеттетілген.

Облыс полициясының мәліметінше, бұған дейін полицейге қатысты қызметтік тергеу жүргізілген. Ол видеожетондағы қызметтік материал және әкімшілік өндіріс бойынша айғақ саналатын жазбаны таратып жібергені анықталды.

Бұған қоса, ер адам былапыт сөздер айтып, мемлекеттік қызметші этикасын бұзған.

Тергеу нәтижесі бойынша патрульдік полиция экипажы тәртіптік жаза тәртібінде қызметінен босатылды.

«Бұл қызметкерлерден бөлек, олардың тікелей басшылары да жұмыстан шығарылды», – деп мәлімдеді полициядағылар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.