Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қандастардың басым бөлігі қай елдерден келіп жатыр?

0 236

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 9 077 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды деп хабарлады turkystan.kz.

Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 96,9 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі Өзбекстаннан (69,9%), Қытайдан 10,3%, Түрікменстаннан 7,1%, Моңғолиядан 4,0% және басқа елдерден 8,7% оралды.

«Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,9%), Түркістан (9,7%) және Жамбыл (6,5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,7%), Нұр-Сұлтан (7,2%) және Шымкент (8,0%) қалаларына қоныстанды. 1 тамыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 60,5%, еңбекке қабілетті жастан кіші -26,2% және зейнеткерлер – 13,3%», – делінген хабарламада.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде 11,8%-ы жоғары білімді, 39,8%-ы орта кәсіби білімді, 46,7%-ы жалпы орта білімді және 1,6%-ының білімі жоқ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.