Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қанат Ислам жеңіліп қалды

0 364

Бүгін, 26 ақпанда Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақтағы WBO Global белбеуі үшін айқасын өткізді деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл айқас АҚШ-тың Плант-Ситидегі бокс кешінде өтті. Ал қазақ боксшының қарсласы британиялық Джимми Келли (25-2, 10 КО) болды. Он раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті британиялыққа берді.

Айта кетейік, бұл Қанаттың карьерасындағы алғашқы жеңілісі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.