Қалалық қоғамдық-саяси газет

Анасының жаназасында жоқтау айтқаны үшін участковый келіп айыппұл салған

0 2  540

Қызылорда қаласының тұрғыны Айман Махамбетова қоғамдағы өз басынан өткен келеңсіз жағдай туралы айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оған қазақтың дәстүрі бойынша анасын жоқтап, жақындарымен көріскені үшін айыппұл салынған.

Айман Махамбетованың жуырда тойға кеткен анасы, кенеттен қайтыс болған еді. Тастамай алып жүретін дәрісін ұмытып кетіп, көз жұмған. Әйтседе қаралы отбасына көршісінің ісі жығылған үстіне жұдырық болған.

«Қазама күлген қазағым, басқа қалай атайын, айтыңызшы… Алыстағы ағайыннан жаныңдағы көршің артық дейтін, бірақ бізде олай емес екен…

Намаздан соң участковый келді, мамаңның өліміне күдік бар ма деп емес, көршің арызданды деп. Айыппұл салмайын, жағдайды көріп тұрмын, көршіңнен кешірім сұра деді. Сосын участковыймен үлкен інім үйіне барды. Кешіріңіз, бізге арызданыпсыз, бізде бүгін жаназа шықты. Анамды жер қойнына тапсырдық дегенге, — иә, білем, көрдім. Бірақ жәй көрісуге болады ғой депті…. Інім тілін жұтқандай үнсіз кешіріңіз деп бұрылып кетіпті.

Жәй көріссін деп тұрған 5-қабатта тұратын іргелес көршілер, қазақтар… қазағым!», — деп жазды ол желіде.

Айманның айтуынша, екі мәрте бейсенбілік өткізген кезде көңіл айтуға келген жұртпен тағы да көрісуге мәжбүр болған. Ақыры учаскелік полиция қызметкері үйлеріне тағы да көршінің шағымы бойынша келген.

«Участковый маған ренжімеңіздер, менің де бала-шағам бар. Үшінші рет арызданып отыр. Егер заңды шара қолданбасам менің үстімнен арыз жазады деді. Еш артық дауласпай жарайды, заңды талабыңыз не дедік. Айыппұл салуым керек, егер келіссеңіз қазір 50% — 7 200, келіспесеңіз 14 000 төлейсіздер деді… Сонда мұсылмандық адамгершілік мүлдем жоғалған ба?», — деп жазды ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.