«Анасы вокзалда қалдырып кеткен»: 46 жылдан кейін өзін асырап алғанын білген Беларусь тұрғыны Өскеменнен туыстарын іздейді
46 жасында өзінің асыранды бала екенін білген Минск тұрғыны Өскемен қаласынан туыстарын іздейді. Анасы оның жанына “баламды асырап алыңызшы” деген жазба қалдырып, қала вокзалына тастап кеткен. Беларусь мемлекетіне алып кеткен қазіргі ата-анасы осынша жылдан соң шындықты айтқан, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
“Менің Сашамды асырап алыңыз!” Осындай жазбамен біраз жыл бұрын Шығыс Қазақстан вокзалдарының бірінен сәби табылған. Кейін ол балалар үйіне жеткізіліп, 1977 жылы сол жақтан әскери қызметтегі жұп асырап алған. Қызмет бойынша отбасы көп көшетіндіктен Қазақстанда өткен балалық шағы есінде қалмаған 46 жастағы ер адамға қайтыс болар алдында асырап алған әкесі бар шындықты айтқан. Ол қазір Өскемен қаласынан туыстарын іздейді.
Минскіден түскен қоңыраудан соң 1977 жылы болған жағдайды анықтауда оған Өскемен қаласындағы Пушкин кітапханасы көмектескен.
“Бәлкім сіздерде сол жылдардағы оқиға баспа беттерінен табылып қалар деген оймен кітапхана көмегіне жүгінгенін айтып өтініш білдірді. Біз болған оқиғаны іздестіріп нәтижесінде “Менің Сашамды асырап алыңыздаршы” деген мақаланы тауып алдық. Қаншама жылдан кейін шындық анықталып отыр. Сашаның қазіргі аты Дмитрий”, – деді кітапхананың анықтамалық-библиографиялық қызмет орталығының жетекшісі Меруерт Кемешева.
Мақалада вокзалда анасы жолаушылардан сәбиіне қарай тұруын өтініп, кейін қайтып оралмаған. Сәбидің жанына оның туған күні мен асырап алыңыздаршы деген өтініш жазбасы қалдырылғанын тауып алған. Кейін сәби Өскемен қаласындағы балалар үйіне тапсырылып, сол жерден әскери қызметтегі жұбайлар асырап алған. Асырап алған ата-анасы Сашаны Дмитрий деп атаған. Қызмет бабымен жас жұп бірінші Украинаға кейін Беларусь еліне ауыстырылған. Сондықтан да Дмитрийдің Қазақстанда өткен балалық шағы есінде қалмаған.
“Алғашқы әсерім әрине қобалжытты. Бірақ кейін барлығын түсіндім. Қазір аз да болса мәліметтер жинауға тырысамын. Қандай жағдай болмасын ата-анама алғыс айтамын. Олардың арқасында өмірім қалыптасты”, – деді Дмитрий.
Ол қазір отбасылық түскен, балалық шағындағы суреттерді жинап, балалар үйіндегі қызметкерлерден сұрауды жоспарлаған. Жаз айларында жұбайы Мариямен Өскеменге келіп іздестіруді жалғастыруға шешім қабылдап отыр.