Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі «AMANAT» партиясы Атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды.
Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол «Ашық партия» бірыңғай тұжырымдамасы аясында цифрландыру, мобильді қосымша құру және басқа да жобаларға жетекшілік етеді.
Айта кетсек, Әбутәліп Мүтәлі – Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі. The Pennsylvania State University (АҚШ) оқу орнын бітірген.
Сондай-ақ ол – интеграциялық платформаларды құрумен айналысатын және мобильді қосымшаларды әзірлейтін Bolashak Engineering компаниясының негізін қалаушылардың бірі.