Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Аманат» комиссиясы 85 адамды тергеу изоляторынан босатты

0 251

«Аманат» комиссиясы 85 адамның тергеу изоляторынан босап шығуына көмектесті. Бұл туралы «Аманат» комиссиясының төрағасы Абзал Құспан мәлім етті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

«Аманат» комиссиясы менің бастамаммен құрылды. Ол 22 қаңтарда құрылған еді. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринмен кездесіп, Бас прокуратурамен бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болдық. Комиссияның өзгелерден айырмашылығы ретінде біз екі өкілеттік ие болғанымызды айта аламыз. Бірі – тергеу изоляторларына кіріп, олардың жатқан жағдайын тексеру. Екіншісі – азаматтарға қылмыстық іс материалдармен танысу»,- деді Абзал Құспан БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, комиссия еліміздің 6 өңірінде жұмыс істеп жатыр. де жұмыс атқарды. Нәтижесінде Алматыда – 68 адам, Алматы облысында – 9 адам, Шымкентте 8 адамды қамауда ұстау бұлтартпау шарасы өзгертілігіп, олар ботандыққа шықты. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласында 24 адам, Шымкентте тағы 5 адам босатылатын болады.

«Әр адаммен кездесіп, материалдарды қарау өте көп уақыт алады»-деді Абзал Құспан.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.