Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ғалымдар жылаған баланы тыныштандырудың әдісімен бөлісті

0 250

RIKEN институтындағы миды зерттеу орталығының жапон ғалымдары жылап жатқан баланы тыныштандырудың әмбебап әдісін ұсынды. Зерттеу Current Biology журналында жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мел сайтына сілтеме жасап.

Жапон зерттеушілері жеті айға дейінгі 22 баланың ЭКГ және мінез-құлық реакцияларын зерттеді. Эксперимент барысында аналар төрт бұйрық сериясын орындауы керек еді:

«Жүріңіз-ұстаңыз» — анасы баланы қолында ұстап, жүрді;
«Отырыңыз-ұстаңыз» – анасы баланы ұстап, отырды;
«Төсек» – нәрестені орнына жатқызады;
«Төсекте қозғалту» — нәрестені төсек немесе арбаға салып, тербетеді.

Әрбір әрекетке  30 секундтан бес минутқа дейін уақыт кетті. Тыныштандырудың ең тиімді реттілігі – бес минут қолға алып, көтеріп жүру, содан кейін бес-сегіз минут баланы қолға алып отыру, содан кейін оны бесік немесе төсекке жатқызу. Ғалымдардың айтуынша, егер асығыстықпен  ұйықтап жатқан нәрестені бірден қойсаңыз, ол оянып, қайтадан жылайтынын атап өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.