Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ғалымдар өлімнің иісі қандай болатынын анықтады

0 1  734

Британиялық ғалымдар зерттеу жүргізіп, адамның өлер алдында путресцин иісін сезетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Зерттеу Кент Университетінің Психоогия мектебінде өткен. Тәжірибеге қатысушыларға путресцин, аммиак және суды иіскеу тапсырылған. Нәтижесінде, бірінші иісті адамдар бұрын-соңды сезіп көрмесе де, үрей туғызғаны белгілі болды. Ғалымдар мұны адамның өлер алдында денесі түрлі иіс бөлетінімен түсіндірді. Осындай иістердің арасында путресцин де бар.

Сонымен қатар көпшілігі «өлім иісін» шөп иісіне ұқсастырады. Себебі адамда өлім алдында оянатын ежелгі рецептор бар. Бұл рецептордың өлімнен бір жыл бұрын оянуы мүмкін екені де айтылды.

Ғалымдардың хабарлауынша, «өлім иісін» сезген адам саналы түрде өзгере бастайды. Дегенмен, олар «өлім иісінің» жақын арада қаза табатынын білдірмейтінін айтады. Бұл ескертпе ретінде де болуы мүмкін. Яғни өлімге алып келетін себептің бар екенін білдіріп, алдын алуға мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.