Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматылық келіншек танымал компанияның ірімшігін аламын деп, оңбай алданған

0 177

Алматы тұрғыны 720 теңгеге бір құты ірімшік алып, 235 теңгесі текке кеткенін айтады, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr қызметіне түскен видеоға сенсек, ірімшіктің салмағы сыртындағы қабында жазылған салмақтан аз болып шыққан.

Автордың айтуынша, ол осы ірімшікті үнемі сатып алатын. Бұл жолы қолына түскен ірімшіктің салмағы аз сияқты сезілген. Үйіне келген келіншек ірімшікті қабымен таразыға салып, күдігі рас екеніне көз жеткізген.

Яғни ірімшіктің сыртында салмағы 220 грамм деп жазылғанымен, таза салмағы 182 грамм болып шыққан. Бір жағынан ұсақ-түйек сияқты көрінгенімен, азаматша 235 теңге артық төлеген болып отыр.

Оның айтуынша, халық алған затын үнемі өлшеп отырмайды, бәлкім, өндіруші компаниялар өнімнің салмағын үнемі теріс жазып отыруы мүмкін ғой!?

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазба жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.