Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматылық ер адам өзін «полицейлер аяусыз сабағанын» айтып шағымданды

0 423

Алматылық жігіт өзін полицейлер аяусыз сабағанын айтып шағымданды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір емес бірнеше рет қоқан-лоқы көрсетті дейді. Олардың мұндай дөрекілігін Медеу ауданында телефон сататын өзгелерде растады. Басынан оңбай жарақат алған Айбол Алдухан кінәлілердің жауапқа тартуды сұрайды.

26 жастағы Айбол Алдухан тәртіп сақшыларының кесірінен есту қабілеті нашарлағанын айтты. Құлағынан зақым алып, бас миы шайқалған. Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы бөлімшеде болды деп отыр.

“Дос балам сол жерге түсіп қалады. Мен дос балама шәй тамақ апаруға барған кезде Медеу аудандық оперлар милиция қызметкерлері мені сыртқа шығарып құрдан құр ұрып соқты. Алмас және оның астындағы екі жұмыскерлері Ихтиор мен Нұрсұлтан. Көлікке отырғызып ішінде тағы ұрады мені. Ешқандай себепсіз. Өздері бірақ ішімдік ішіп алған”, – дейді жәбірленуші Айбол Алдухан.

Жәбірленушінің өзі осы Медеу ауданындағы сауда орталығында жұмыс істеймін дейді. Телефон сатумен айналысатын ер адамды полиция қызметкерлері бопсалаған. Тауарларының заңсыз екенін айтып, тәркілеуге әкеткен.

“Бізге үнемі келеді. Ақша сұрайды. Көп нәрсені тегін кеп алып кетеді. Жаңасы бар бәрі құжатты бірақ сонда алып кетеді де. Біз ресми түрде ИП төлейміз. Именно Медеу ауданында полиция бөлімшесі бәрі парақор ғой”, – дейді жәбірленуші Айбол Алдухан.

Әліптің артын бақсақ, тәртіп сақшыларының бопсалуынан шаршадық дегендер көп болып шықты. Негізінен телефон саудасымен айналысатындар. Олар тапқандарын полиция қызметкерлеріне беретіндерін айтып, шағымданды.

“Бұл жерде телефон сатуға болмайды дейді. Қандай телефондарын бар көрсет дейді. Мынау ұрланған дейді да мысалы, біз ұрланбаған деп жеке куәлігін көрсетеміз”, – дейді телефон сатушы Серік Мейіржан. 

Заңгер полицияның әрекетін заңсыз деп бағалайды. Өйткені тәркіленген тауарлардың құжаты болуы шарт. Полицейлердің оларды алып кетпес бұрын, хаттама толтыруға міндетті екен.

“Кез келген затты полиция өкілдері хаттама алу арқылы  яғни қаулыны шығарып бір көшірмесін заттың иесіне және бір көшірмесін өздері алып жатқандығы туралы қағаз беруі керек”, – дейді заңгер Камиша Есмұхамбетқызы.

Ол жерде мөр басылуы керек. Дегенмен полицейлерден таяқ жедім деген алматылық, полиция департаментіне де арыз жазған. Сол арыздың негізінде 3 тәртіп сақшысының үстінен қылмыстық іс қозғалыпты.

“Қазіргі таңда өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша қылмыстық істі қозғап, тергеу амалдарын жүргізу үстінде”, – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қылмыстық іс аясында сот медициналық сараптама тағайындалған. Бірақ заңға қайшы әрекетке барды деген сақшылар жұмысын жалғастырып жүр. Жәбірленуші құқық қорғау қызметкерлерін жұмыстан шеттетіп, әділ жазалауды сұрайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.