Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматылық балабақшада тәрбиеші балаларды оқтаумен ұрған

0 290

Алматылық балабақшалардың бірінде тәрбиешінің бүлдіршіндерді аяусыз ұрғаны жөнінде бейнежазбалар тарады,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

31 арнаның тілшісі өзінің instagram желісінде видеоны жариялап оқиға туралы айтқан.

«Оқтау ұстаған әйелдің кішкентай қыздың шашынан жұлып, басқа балаларды оқтаумен ұрып жүргені кадрда көрініп тұр. Бүгін бір баланың ерні жырылған, балалардың басынан сушидің таяғымен нұқып, басынан ұрғанын, белдікпен (ремен) ұрғанын бүгін ата-аналар видеодан көріп, естері шығып жатыр. Дәл қазір бір топ ата-ана РОВД-ға балабақша тәрбиешісінің үстінен арыз жазуға кірді»,-деді ол өзінің жазбасында

Алайда балабақша басшысы ата-аналарға былай деп жауап берген көрінеді. «Садикти жапқыза алмайсыңдар. Телевидение шақырсаңдар балаларыңды алып кетіңдер. Жапса, осы топты ғана жауып, жұмыстан шығарады, ол тәрбиешіні и все».

Бұл жөнінде әлеуметтік желі белсенділеріде өз ойларын білдірді.

«Бастығын да тәрбиешіні де,жазалау керек.Не бассыздық», «Құдай сақтасын,осындай адамдарды қалай ғана жұмысқа алады,психикасын тексеру керек шығар жұмысқа алмай тұрып», «Содан екен ғой немереміз бармаймын деп жылайтыны», деген сынды сан алуан пікірлер айтылуда.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.