Алматы-Ыстық көл арасында жаңа трасса салынбақ. Қырғызстан тарапынан Азиялық даму банкі қолдауға уәде берді. Жалпы тау арқылы апаратын жол туралы сөз алғаш осыдан алты жыл бұрын қозғалған болатын. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жақында танымал туристік аймаққа небәрі екі сағатта жетуге болады. Алматы-Ыстық көл трассасы құрылысының жобасы Қырғызстан министрлер кабинетінің сайтында орналасқан.
Қырғызстан билігінің жоспары бойынша, жаңа жол экономикалық дамудың құралына айналып, туристердің көбеюіне ықпал етпек.
Бұл мәселеге қатысты Қазақстан тарапынан ресми жауап берілген жоқ.