Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда жоғалып кеткен бала Боралдай маңындағы камераға түсіп қалған

0 399

Алматының орталығында жоғалып кеткен сегіз жасар мектеп оқушысы Клим Пурыгин көшедегі «Сергек» камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Бала аман-есен табылды.

Жоғалған баланы түсіріп алған видео Алматы телеарнасының редакциясына келіп түсті. Кадрда баланың көшеде еркін кетіп бара жатқаны көрсетілген. Телеарна атап өткендей, камера оқушыны «Бурундай” аймағында түсіріп алған.

Сәрсенбі күні кешке 20:28-де Алматы полиция департаменті баланың табылып, ата-анасына тапсырылғанын хабарлады.

«Бала сау күйінде табылды. Полиция қызметкерлері баланы ата-анасына тапсырды. Бала серуендеу үшін үйінен шығып кеткенін айтты. Кәмелетке толмаған баламен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіледі», – деп хабарлайды полиция департаменті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.