Әлеуметтік желідегі Алматының орталығында жалаңаш электр самокатпен серуендеген қыз бен жігіттің видеосы жарияланды. Көп ұзамай полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзғандарды анықтаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жалаңаш қыз бен жігіт Әл-Фараби мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында электр самокат теуіп жүрген.
22 шілдеде жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпті бұзған қыз бен жігітті ұстады. Қалалық әкімшілік соттың шешімімен 1997 жылы туған қыз бен 2003 жылы туған жігіт 10 тәулікке қамауға алынды.