Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда жасөспірім қыз 12-қабаттан секіріп кетті

0 701

Алма тыда жасөспірім қыз 12-ші қабаттың балконынан секіріп кетті. Полицейлер мәйітті кіреберістің шатырынан тапты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға сағат 16:00 шамасында қаланың Алмалы ауданында болды.

Куәгерлердің айтуынша, олар тек құлаған заттың дауысын ғана естіген, адамның айқайлағанын ешкімнің құлағы шалмапты.

«Факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге апару» бойынша тіркелді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда», – деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.