Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 2 экстремистік топ ұсталды

0 255

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті жаппай тәртіпсіздік пен террористік актіге қатысқандарды ұстау және жасалған қылмыстардың себептерін анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырып жатыр.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде нәтижесінде 2022 жылдың 4-8 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 2 экстремистік топ құрықталды.

9-қаңтарда, экстремистік әрекетке алдап-арбау, экстремистік ұйымға басшылық ету және оған қатысу, сондай-ақ жаппай құқыққа қайшы акцияларды жүргізу күдігімен бір ұяшықтың 4 мүшесі ұсталды.

Тұрғылықты мекендерін тексеру барысында атыс қаруы, гранаталар, оқ-дәрілер және діни әдебиеттер заттай айғақ ретінде тәркіленді.

Ұйым жетекшісі халықаралық террористік ұйыммен байланысы бар, жаппай тәртіпсіздікке белсенді түрде атсалысқан шетел азаматы болып табылады.

Тергеу тұжырымы бойынша, ол Қазақстанға жаппай құқыққа қайшы акцияларды дайындап, сондай-ақ билік органдары мен қарулы құрылымдарға шабуыл жасау үшін келгендігі анықталды.

1

«Оған осы мақсатта көмек берушілерді іздестіру ұйымдастырылды. Тергеу қызығушылығына сәйкес кейбір ақпараттарды жариялау әзірге мүмкін емес», делінген ҚР ҰҚК баспасөз-қызметі таратқан ақпаратта. Жедел және тергеу шаралары жалғасуда.

Сонымен қатар, кейбір БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қару-жарақтар, оқ-дәрілер, басқа да мүліктер ұрланғаны жайында таралған ақпараттар жалған болып табылады.

Террористік қауіптің «қызыл» деңгейінің талаптарына сәйкес, департамент күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.