Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды

0 275
Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы ІІМ-нің көрнекі құралдары бар Hyundai автокөлігін анықтаған.

«Фильмдердің бірінің әкімшілігі көлікті реквизит ретінде пайдаланғаны анықталды. Яғни, сценарий бойынша фильмде патрульдік полициямен эпизод бар. Ол бұл әрекеттердің заңға қайшы және жауапкершілікке әкеп соғатыны туралы ойланбастан, полицияның қызметтік көліктерінің дәл көшірмесін жасауды ұйғарған. Елестетіп көріңізші, әрбір кинорежиссер қажет болған жағдайда жалған реквизиттер, бұл жағдайда полиция көлігі, қолдан жасайтын болса, хаос болады. Ол кезде жалған полицейлерге өздерінің қылмыстық істерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жалған көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Оның авторларына заң аясында шара қолданылды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Сонымен қатар, ПД-да осыған ұқсас деректерге жол берілмейтінін ескертіп, әрбір мұндай эпизодқа түбегейлі құқықтық баға берілетініне уәде берді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.