Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда ұзақ уақыттан кейін қар жауды

0 224

Алматыда ұзақ уақыттан кейін қар жауды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

19 қаңтарда сағат 16.15 шамасында қар жауа бастап, ол түнге дейін жалғасты. Қар еріп кетіп жатқанына қарамастан, қаланың жоғарғы бөліктерінде 6-8 сантиметрге дейін түскен. Сондықтан қаланың коммуналды қызметкерлері тазалық жұмыстарына кірісіп кетті.

Әкімдік мәліметінше, 20 қаңтарда таңғы сағат 7-де қалада 6-8 сантиметр, ал таулы аудандарда 20 сантиметрге дейін қар жауған.

«Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауғаннан бастап жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілді. 2077 тонна пайдаланылды.

Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қар күреліп жатыр. Жолдарды, жаяу жүргінші жолдарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жалпы қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары ұйымдастырылды», – деді шенеуніктер.

Қала әкімдігі мәліметінше, түнде қар тазалауға мегаполис көшелеріне 535 арнайы техника, оның ішінде 208 құмшашқыш, 338 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

«Таңертеңнен бастап 562 арнайы техника, 160 құмшашқыш және 1493 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды», – деп толықтырды әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі.

Қазгидромет болжамы бойынша, аралас жауын-шашын түстен кейін тоқтайды. Ауа температурасы 20 қаңтарда күндіз +1 болады… +3 градус болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.