Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін 110 адам стационарда жатыр

0 260

   Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен 110 адам әлі де стационарларда жатыр. Оның ішінде 8 адам жансақтауда жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, – деп хабарлайды «JambylTaraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«1259 науқас медициналық көмекке жүгінді. 110 науқас стационарларда жатыр. Ал жансақтауда 8 адам жатыр, жағдайлары тұрақты. Кейінгі аптада басқа денсаулық сақтау ұйымдарына 3 науқас ауыстырылды. 2-балалар ауруханасынан бір бала Педиатрия институтына ауыстырылды, екінші рет ота жасалды, жағдайы тұрақты. Екінші бала жедел жәрдем ауруханасынан балалар шұғыл медициналық жәрдем ауруханасына ауыстырылды», – деді Светлана Сұлтанғазиева.

Бұған дейін Алматы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде 149 адам қаза тапқанын айтқан болатын.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.