Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыдағы Президент резиденциясы сүріледі

0 268

Алматыдағы Президент резиденциясы сүріліп, орнына қала тұрғындарына арналған саябақ салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады», – деді ол.

Айта кетсек, ғимарат 1995 жылы пайдалануға берілген. 2022 жылы бүлікке дейін ғимаратты қайта жаңарту жоспарланған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.