Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда той-жиын өткізуге тыйым салынды

0 162

Алматы аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы бойынша той және басқа да іс-шаралар өткізуге тыйым салынды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі bugin.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жаңа қаулыға сәйкес қала тұрғындары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек:

– Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамнан асатын іс-шараларды, мерейтой, үйлену той, банкеттер мен өзге де шараларды өткізуге және қытсуға тыйым салынады;

– ПТР зерттеудің оң нәтижесін алған кезде және науқаспен жақын байланыста болған кезде 14 күн өзін-өзі оқшаулау режимі;

– Спорттық-сауықтыру орталығына, фитнес орталықтарға, монша, сауна, бассейндерге 2022 жылғы 15 қаңтардан бастап Ashyq-те «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана кіре алады.

– Ashyq жобасына қатысуына қарамастан концерт залдары, цирк, театрлардың қызметіне, діни бірлестіктердің нысандарына, ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады» – делінген қаулыда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.