Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда таудағы өртті тікұшақтың көмегімен сөндіріп жатыр

0 170

Алматы тауларында тікұшақтар көмегімен өрт сөндіріліп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

25 шілдеде сағат 20:00-де Алматыда Медеу ауданындағы Қимасар шатқалында қураған шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына 100 өрт сөндіруші, 14 техника, сондай-ақ аттестациялық патруль мен Іле-Алатау ұлттық паркінің инспекторлары барған. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі мен 109-құтқару қызметінің «Қазавиаспа» екі Ми-8 АМТ тікұшағы жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құлама беткей мен қараңғылықтан өрт сөндіру техникасы мен авиацияны пайдалану мүмкіндігі болмаған. Сондықтан өрт ошағына өрт сөндірушер жаяу барған.

ТЖД таулы аймақтағы жоғары өрт қаупіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына тауда от жақпауға және темекі тартпауға кеңес береді.

«ҚР ӘҚБтК-нің 367-бабы 3-бөлігіне сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу жеке тұлғаларға айыппұл салу (100 АЕК – 300 мың теңгеден) түріндегі әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салмыз», –  деді ведомство өкілдері.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.