Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін 22 адам із-түссіз жоғалып кеткен

0 333

Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін 22 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 4 қаңтардан бастап 22 адам ресми түрде хабар-ошарсыз кеткен.

“Олар туралы полицияға ресми түрде хабарланды. Оның ішінде 15 адам табылды. Қалған 7 адамның қайда екені анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Барлық жағдай бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Полиция жоғалған азаматтардың тұрғылықты жері бойынша аудандық полиция басқармасына немесе жоғалған адамды соңғы рет көрген ауданға хабарлауға кеңес берді.

Айта кетері, қалада қазірге дейін лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқан 2 159 адам ұсталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.