Алматының Алатау ауданындағы Өжет шағынауданында жол апаты адам өмірін қиды деп жазды turkystan.kz.
Куәгерлердің айтуынша, Lexus RX 300 автокөлігі Т-ға ұқсас қиылыста солға да, оңға да бұрылмай, қатты жылдамдықпен тіке үйдің ауласына кіріп кеткен. Аулада тұрған контейнерге соғылып тоқтаған көлік тұмсығын жерге тіреп, тігінен тұрып қалған.
Белгілі болғандай, көлікте 15-16 жас аралығындағы 4 бозбала болған. Жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды.
Түрлі дене жарақаттарын алған өзге бозбалалар қалалық ауруханаға жеткізілді.